<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>86</hymn_number>
<lyrics>[V1]
 Қиналған шақтарда күнәлардан,
 Өмірден түңіліп безінгенмін
 //  Тек қана шын сүю бар екенін
 Өзіңнен Тәңірім сезінгенмін!  //

[V2]
 Қолыма Сен алып, аяладың
 Әкелік, мейірбан, махаббатпен
 //  Көрсеттің өмірдің сара жолын
 Арылттың жалғанды ақиқатпен!  //

[V3]
 Тас жүрек жібіді мұздап қалған
 Сен менің маздадың арманымды
 //  Көзімді ашып Сен қараңғыда
 Шындыққа өзгерттің жалғандықты!  //</lyrics>
<title>Қиналған шақтарда күнәлардан</title>
</song>